Алтай Көлгінов ҚазҰУ қалашығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Алтай Көлгінов ҚазҰУ қалашығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты

Алтай Көлгінов ҚазҰУ қалашығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты
ашық дереккөзі
410

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов ҚазҰУ қалашығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке ҚазҰУ қалашығы құрылысының ΙI даму кезеңі жайлы мәлімет беріп, жатақхана, оқу корпустары мен қызметтік тұрғын үйлер жобаларымен таныстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 маусымда оқу ордасына барған сапарында ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңін іске асыру жоспарын қолдаған болатын. Жоспар бойынша қалашықта оқу ғимараттары, әкімшілік корпустар, қызметкерлерге арналған тұрғын үй, инновациялық орталық пен технопарк және студенттер мен магистрларға, докторанттарға арналған жатақханалар бой көтереді.

Қазір студенттер қалашығында 3 гектар аумақта 12 мың орындық жатақхана құрылысына дайындық жүріп жатыр.

Қазіргі кезде университетте 24 мыңнан астам студент білім алып жатыр, оның ішінде 12 мыңнан астам білім алушыға жатақхана жетіспейді. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, студенттер үйі университет тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі болмақ және білім алушылар арасында жатақханалардағы орын жетіспеушілігі мәселесін толығымен шешеді.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов ҚазҰУ-дың Процестік инновациялар орталығы,  Инжиниринг және жоғары технологиялар кластері мен Жерді қашықтықтан зондтау орталықтарының жұмысымен танысып, ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми көрмесіне қатысты.

Көрмеде вице-премьерге наноматериалдар негізіндегі датчиктер, энергияны үнемдейтін шамдар, микробалдырлар негізіндегі биологиялық белсенді қоспалар, Қазақстанның табиғи шикізаты негізіндегі дәрілік препараттарды өндіру, қан тамырлары патологиясының алдын алу және емдеу, туристік цифрлық контентті жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар және QR кодтар, наноматериалдар негізіндегі суперконденсаторлар, депрессияның психофизиологиялық маркерлері және басқа да инновациялық жобалар таныстырылды, - деп жазылған мәлімдемеде.

Серіктес жаңалықтары