50335
Атырау тұрғындарына тегін жер беріліп жатқаны рас па?
Атырау тұрғындарына тегін жер беріліп жатқаны рас па?
Атырау облысында тұрғындарға бау-бақша өсіруге тегін жер беріліп жатыр. Олар тегін жер телімін уақытша, яғни 6 ай пайдалана алады деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер жыртуға әкімдік тарапынан арнайы техникалар шығарылады. Алайда жер жыртатын техниканың және бақша суаруға арналған мотопомпалардың жанар-жағармай шығындарын тұрғындар өтейді және тұқымды да тұрғындар өздері сатып алады.
"Миялы ауылдық округі бойынша 13 гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 гектар жерге картоп, 5 гектар жерге қарбыз-қауын, 3 гектар жерге көкөніс егу жоспарланып отыр. Бау-бақша өнімдерін егу жұмыстары мамырдың ортасына қарай ұйымдастырылады. Өйткені Ойыл өзенінің биыл күрт тасуы егін егетін жерлерге баруға мүмкіндік бермей отыр. Жобамен биылғы жылы 93 тонна көкөніс өнімдерін алу жоспарымыз бар. Қызылқоға ауданы бойынша арнайы егіс шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары немесе жеке кәсіпкерлер жоқ. Мұндай бастама алдағы уақытта егін егушілер санын арттырады деген ойдамыз", - дейді Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов.