Қолайсыз ауа райы: 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы: 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райы: 10 өңірде дауылды ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50219
Қазгидромет 13 сәуірде республиканың 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с. Маңғыстау облысының шығысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 25  м/с күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ұлытау облысында батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Серіктес жаңалықтары