50295
Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС кезекші операторының хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 16:12-де тіркелген. Эпиорталығы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 377 км қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.0.
Эпиорталық координаттары – 45.27° с.е. және 80.67° ш.б. Тереңдігі – 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу болмады.