Федерация Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілер туралы айтты
Федерация Қазақстан азаматтығынан бас тартқан хоккейшілер туралы айтты
Қазақстанның хоккей федерациясы Қазақстан азаматтығынан бас тартқан ойыншыларға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, хоккейден Қазақстанның құрамасының бірнеше ойыншысы (Алексей Маклюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев) Қазақстан азаматтығынан бас тартқан болатын. Осылайша, олар 2023 жылғы ӘЧ-де командаға көмектеспейді.
"Қазақстан құрамасына үміткерлердің барлығы 2023 жылғы ӘЧ алдындағы оқу-жаттығу жиынына шақырту алды.
Кей ойыншылар отбасылық жағдай мен жарақатқа байланысты келе алмады, ал кейбірі өз елінің азаматтығына өтуді жөн көрді. Біз әрбір ойыншының таңдауын құрметтейміз және құрамада өткізген уақыты мен халықаралық жарыстарда көрсеткен нәтижелері үшін алғыс айтамыз. Кейінгі жылдары федерация жастар мен жасөспірімдер хоккейін дамытуға күш жұмсауда. 2018 жылы Қазақстанның жастар лигасы - Jas Ligasy іске қосылды.
Қазіргі кеңейтілген құрам айтарлықтай жасарды. Жастар құрамасындағы көптеген ойыншы негізгі құрамға қосылып жатыр. Алдағы матчтарда жаңа ойыншыларды көресіздер", - деді федерация өкілдері.