Қоқыстан табылған нәрестенің анасына қатысты іс тоқтатылды

Қоқыстан табылған нәрестенің анасына қатысты іс тоқтатылды

Қоқыстан табылған нәрестенің анасына қатысты іс тоқтатылды
ашық дереккөзі
50282
Ақтөбеде қоқыс полигонынан табылған нәрестенің анасына қатысты қылмыстық іс арада 6 ай өткенде жабылды деп хабарлады turkystan.kz. Бұған баланың өлі туғаны себеп болып отыр. Оқиға 2022 жылғы 23 қазанда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында болған еді. «Қылмыстық кодекстің «Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі» бабы бойынша іс қозғалғанымен, сараптама қорытындысынан кейін баланың өлі туғаны белгілі болды. Қылмыстық құрам болмаған соң іс жабылды», - деді Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Серіктес жаңалықтары