Шошқаға беретін дәрімен қойын емдеген шаруа бір қора малын өлтіріп алды

Шошқаға беретін дәрімен қойын емдеген шаруа бір қора малын өлтіріп алды

Шошқаға беретін дәрімен қойын емдеген шаруа бір қора малын өлтіріп алды
ашық дереккөзі
50556
Түркістан облысында шаруа бір түнде 320 бас малынан айырылды. Асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын Самат Кәдіров алдымен қойлардың іші өткенін айтады. Ол жануарларды емдемек болып, мал дәрігерлік дәріханадан шетелдік препарат сатып алған. Ал содан кейін ұсақ малдары шетінен қырылып қалыпты деп хабарлады turkystan.kz. Оtyrar.kz жазуынша, шаруа күніне оншақты бас ұсақ мал арам қатып жатқанын айтқан. Сатушының сөзіне сенген шаруа енді шығынды кімнен өндірерін білмей отыр. Түркістан облысында 20 жылдан бері асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын шаруа қожалық бір күнде 300-ден аса малынан айырылып қалды. Іші өткен ұсақ малын емдеу үшін шаруа ветеринарға емес, Шымкенттегі дәріханаға барған. Ондағы сатушының шошқаға беретін «Аштил» ұнтағы ауру қойларға ем болады деген сөзіне сенген шаруа сол ұнтақты сатып алады. Самат Кәдіров, шаруа қожалықтың иесі: «Сұйықтықтан қазіргі күні қайтып кетті бұл. Маған ұнтақ әрі арзан түседі, бір келісін 10 литр суға құясың да қойға 10 грамнан, қозыға 5 грамнан деді. Бұл қозы жас қой әлі деп едім, онда 3 грамм сал деді. Сонымен 700 бас қойым аналық бас, 500 қозыға салдым. 7-ден бастадым, 10-да біттім дәрілеп бәрін. Болды, жақсы болды ғой енді деп кеттім. Кешкі 10-нан кейін тоқтамай өле бастады. Қарындары кебеді да болды, ештеңеге көнбейді, топ-топ әр жерде өле бастады». Осылайша шаруа бір түннің ішінде миллиондап шығынға батты. Ал аман қалған қойлардың да жағдайы мәз емес. Олардың да сілекейі шұбырып, жем жеуден қалыпты. Ұсақ малынан айырылған шаруа полиция мен ветеринарларды шақыртыпты. Алайда, ветеринарлар шарасыз екенін айтқан көрінеді. Самат Кәдіров, шаруа қожалықтың иесі: «Сол дәріден болған, бұл сол дәрің шошқа мен тауыққа арналған деп бәрі айтты. Бұны екі еселік дозадан болған, бұл ішін күйдіріп жіберді, ойбай бәрін реттейміз деп бәрін тушасын алды да кетті, содан бізден ешқандай сол дәріден өлді деген экспертиза дәлелдей алмаймыз деп бәрі жоқ болды». Шаруа Шымкенттегі ветеринариялық дәріханаға барғанда сатушылар кәсіпкермен дауласып, ашық жауап беруден бас тартты. Ал, малдың өлігін зертханада тексеріп жатырмыз деген мамандар кәсіпкердің сатушыға емес, ветеринарға жүгінбегені қателік болғанын айтады. Әлмет Оразбеков, Түркістан облыстық ветеринария қызметі басшысының орынбасары: «Енді кәсіпкердің өзі дәріні тәуелсіз зерттеу орталықтарына тексертуге өз тарапынан өз қаражатынан жұмылдырса болады енді, біз тарапымыздан лабораториядан энтеротоксимия жұқпалы ауруға тексеруге жібердік. Оның нәтижесі 9 күнде келеді». Мал дәрігеріне бармай, дәріханашының сөзіне сенген шаруа енді сараптаманың нәтижесін күтіп отыр. Егер 320 бас қойдың расымен дәріден өлгені анықталса, шығынын сот арқылы даулауға ниетті.

Серіктес жаңалықтары