Үйіне гашиш жасырған Талдықорған тұрғыны ұсталды

Үйіне гашиш жасырған Талдықорған тұрғыны ұсталды

Үйіне гашиш жасырған Талдықорған тұрғыны ұсталды
ашық дереккөзі
50180
Талдықорған тұрғынының үйіндегі жертөледен 2,5 келіге жуық гашиш табылды деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіленген. Есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылды. – Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйіндегі еден астынан полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм гашиш табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымынан 28 келі түрлі есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 21 келіден аса марихуана, 4 келіден аса гашиш және 2 келі 40,59 грамм «синтетика».

Серіктес жаңалықтары