50492
Оразаның қазасын қашан өтеу керек?
Оразаның қазасын қашан өтеу керек?
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы оразаның қазасын қашан өтеуге болатыны жайлы сауалға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ораза айттың бірінші күні және құрбан айттың төрт күнінде ораза ұстау – тахриман мәкрүһ. Өйткені, бұл - Алланың бізге сыйлаған мерекесі, тойлау және қуаныш күндері. Бұл күндері ораза тұту күнә болғанымен, оразасы жарамды. Егер осы күндері ұстаған оразасын бұзса, қаза өтеуі керек емес. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады», - делінген ҚМДБ жауабында.