Мал бағып жүрген тұрғын қар барысын тауып алды

Мал бағып жүрген тұрғын қар барысын тауып алды

Мал бағып жүрген тұрғын қар барысын тауып алды
ашық дереккөзі
50297
Алматы облысында мал бағып жүрген тұрғын әлсіреп қалған қар барысын тауып алды деп хабарлады turkystan.kz. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілгенін хабарлады. «19 сәуір күні Алматы облысы Райымбек ауданы ПБ кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіккендігі жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Нарынқол орман шаруашылығы, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкерлері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырылды. 20 сәуір күні Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді», - деді комитеттен.  

Серіктес жаңалықтары