Астанадағы кітап жәрмеңкесінде бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

Астанадағы кітап жәрмеңкесінде бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті

Астанадағы кітап жәрмеңкесінде бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
50706

Астанадағы “EXPO” халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан “EURASIAN BOOK FAIR - 2023” Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде “Атамұра” корпорациясының ұйымдастыруымен бірнеше жаңа кітаптың тұсаукесері өтті деп хабарлады turkystan.kz.

 width=

Тұсаукесерде Әзербайжан Жазушылар одағының төрағасы, Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Әзербайжанның халық жазушысы Анардың “Бес қабатты үйдің алтыншы қабаты” (аударған Қайнар Олжай), ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның “Ақ шағала”, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ұлықбек Есдәулеттің “Әбілхаят” кітаптары көрмеге келген көпшілік оқырманға кеңінен таныстырылды.

 width=

Тұсаукесер рәсімін “Атамұра” корпорациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлт руханиятының жанашыры Рақымғали Абрарұлы өзі жүргізіп отырды. Туындысы тұңғыш рет қазақ тіліне аударылған Анар Расулоғылы Рзаевқа қазақы дәстүрмен шапан жауып, шығармашылық табыс тіледі.

 width=

Серіктес жаңалықтары