"Дамуға" жаңа басшы келді

"Дамуға" жаңа басшы келді

"Дамуға" жаңа басшы келді
ашық дереккөзі
577
«Даму» Қоры директорлар кеңесінің шешімімен Нұрлан Ақшанов басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ақшанов Нұрлан Сағындықұлы 1976 жылы 10 қазанда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Сілеті ауылында дүниеге келген. 1999 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2000-2004 жылдар аралығында Нұрлан Ақшанов несие сарапшысы, Павлодар қаласындағы «Казкомерцбанк» АҚ және «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалдарында Еуропа қайта құру және баму банкі бағдарламаларын жүзеге асыру секторының меңгерушісі болып қызмет етті. 2004–2010 жылдар аралығында «АТФ Банк» АҚ қабырғасында Атырау қаласы филиалының тәуекел-менеджері, несие тәуекелдері басқармасының бастығы, тәуекел-менеджмент департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті. «АТФ Банк» АҚ UniCredit халықаралық тобына қосылғаннан кейін Нұрлан Ақшанов сауда бөлігіне өтіп, SME/Retail бөлігі сауда департаментінің директоры және Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болып қызметін жалғастырды. 2011-2016 жылдар аралығында Нұрлан Ақшанов «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қорында Алматы филиалының директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі, HR-департаменті және Кепілдендіру департаментінің директоры болды. 2016 жылы Кепілдендіру және Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметін қадағалайтын Басқарушы директор лауазымына көтерілді. Қорда қызмет ету барысында Нұрлан Ақшанов KPI жүйесі негізінде мамандардың қызметін бағалау және Қордың кадрлық резерві жүйесін енгізді. Талаптарының оңтайландырылуы мен қаралу уақыты қысқаруының арқасында ШОБ несиелері үшін қор ұсынатын кепілдеме құралы кәсіпкерлер арасында кеңінен таныла бастады. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауда Үкіметтің EGOV.kz порталы арқылы өтінім беріп қол жеткізе алатын алғашқы құрал – «Даму» Қорының кепілдемелері еді. 2016 жылы бұл механизм қаралу үдерісінің жариялы, ашық болуы және клиенттерге мол мүмкіндік беру мақсатында қолға алынған болатын. Экономиканың басымдық берілмеген салаларында қызмет ететін кәсіпкерлерге Кепілдеме құралы қолжетімді болу үшін «Даму-Оптима» бағдарламасы жасалды. Қазір банктер алдында кепілзаты жетіспеген жағдайда осы құралды пайдалануға мүмкіндік бар. 2015 жылы «Даму» Қорының мен ҚР банктерінің өкілдері Нұрлан Ақшановтың басшылығымен «Даму-Блиц» технологиясын енгізді. Бұл бойынша шағын бизнеске деген несие өтінімін қарау мерзімі 7 күнге дейін қысқарды. Аталған технологияның қанатқақты жобасы 2016 жылы бірқатар банктерде іске қосылып, қазір Қордың аймақтық қаржыландыру бағдарламаларында аталған технологияны қолдану міндетті болып саналады. 2016 жылдың маусым айында Нұрлан Ақшанов Qazkom тарапынан жасалған ұсынысты қабыл алып, филиалдар мен еншілес банктер, операциялық қызмет көрсету және заңдық тұлғаларды несиелеуді қадағалайтын Атқарушы директор қызметіне ауысты. «Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары ретінде Нұрлан Ақшанов халықаралық қаржы институттары секілді түрлі қаражат көздерінен несие тарту мәселелері және осы қаражатты тиімді орналастыру, Шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылай қолдаудың жаңа бағдарламаларын жасау салаларын қадағалайтын болады.

Серіктес жаңалықтары