80 жылдан кейін майдангердің сүйегі Қазақстанға жеткізілді

80 жылдан кейін майдангердің сүйегі Қазақстанға жеткізілді

80 жылдан кейін майдангердің сүйегі Қазақстанға жеткізілді
ашық дереккөзі
50210
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан Ерғаш Претовтың сүйегі 80 жылдан соң Қазақстанға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 1943 жылы қаңтар айында қаза тапқан қазақ жауынгері Новгород облысындағы Мануйлов ауылының маңында жерленген. Биыл майдангердің сүйегі туған жері – Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында жер қойнына қайта тапсырылды.
«ҚР Қарулы күштері мен Қорғаныс министрлігінің қолдауымен бабалар рухына тағзым ретінде сонау Ресей Федерациясында батырлар зиратында қалған 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы қызыл әскер, 1942 жылы соғыс майданына барып, 1943 жылы жарақат алып, қайтыс болған ардагеріміз Ерғаш Претов атамыздың сүйегі Сайрам ауданына жеткізілді. Бұл шара жас жеткіншектерге үлкен үлгі болары хақ, тағылымы мол деп есептейміз. Осындай бабаларымыздың ерлігін жастарға үлгі етіп, тәрбиелейміз деп сенемін», - деді Түркістан облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев.

Серіктес жаңалықтары