Оқулықтар планшетке ауыстырыла ма – министр жауап берді

Оқулықтар планшетке ауыстырыла ма – министр жауап берді

Оқулықтар планшетке ауыстырыла ма – министр жауап берді
ашық дереккөзі
50334
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық министрлік – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз», – деді министр.
Министрдің айтуынша, сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары