Қай салада 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы төленуі мүмкін?

Қай салада 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы төленуі мүмкін?

Қай салада 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы төленуі мүмкін?
ашық дереккөзі
50361
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зиянды еңбек жағдайында 25 жыл жұмыс істегендерге зейнетақы берілуі мүмкін екенін мәлім етті деп жазды turkystan.kz. ҚазАқпараттың жазуынша, бүгін Мәжілісте тілшілер министрден зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларды зейнетке ерте шығару мәселесі жайында сұрақ қойды.
«Бұл салаға министрлік тиісті ұсыныстарын жолдады. Жалпы, медициналық түсініктемелерге қарасақ, егер азамат 25 жыл бойы ауыр жұмыста істесе, олардың кәсіби жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Атап айтқанда, 25 жыл еңбек өтілі болса, осы салада екі мәселені қарастырып отырмыз», - деді Дүйсенова.
Оның айтуынша, бұл тұрғыда жұмыс берушілердің міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен бірден зейнетақы төлеу қарастырылып отыр. Осы бағытта еңбек өтілі ескеріледі. Екіншіден, жұмысшы кәсіби еңбек ету қабілетін 5-тен 30 пайызға дейін жоғалтса, сол кәсіби зейнетақыға қосымша сақтандыру қорының қаражатынан төлем жасау мәселесі пысықталды.
«Сонымен қатар мемлекет жағынан зиянды өндірісте жұмыс істеген адамдарды қолдаудың үш деңгейлі әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұсыныс жасалды. Қазір сақтандыру компанияларының есеп-қисабын күтіп отырмыз. Таяу күндері бұл компаниялардың есептеп шыққан деректерін қарастырамыз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары