Кәрім Мәсімов жазасын толық өтей ме? – Депутат жауап берді

Кәрім Мәсімов жазасын толық өтей ме? – Депутат жауап берді

Кәрім Мәсімов жазасын толық өтей ме? – Депутат жауап берді
ашық дереккөзі
50613
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан журналистердің  ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сұрағына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz. Депутат  ҰҚК бұрынғы төрағасы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталып отырғанын айтты. Сонымен қатар тілшілердің "Мемлекетке опасыздық жасады деп сотталған адам ертең шартты түрде босап кетуі мүмкін бе?" деген сұрағына да пікір білдірді. «Шартты түрде жаза қарастырылмаған. Аса ауыр айыппен айыпталып отыр. Денсаулығына қатысты болса да заңда, қылмыстық кодексте ондай мүмкіндік қарастырылмаған. ...Менің білуімше, соттың үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ. Прокуратураның сұрағаны 21 жыл деп айтылды. Мүмкін прокуратура тарапынан жазаны қатаңдату туралы наразылық берілер деген үміттемін», - деді ол.  Мәжіліс депутатының айтуынша, Кәрім Мәсімов жазасын толық өтейді. «Мәсімов жазасын атқарады. Егер жасымен есептейтін болсақ, 70-тен асады екен. Орташа есеппен 75-ке барады екен. Сондықтан, менің ойымша, ол кісі соңғы өмірін түрмеде өткізіп қалуы ғажап емес», - деді Абзал Құспан. Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрім Мәсімов жазасын қатаң режимде өтейтінін мәлімдеді. ҰҚК бұрынғы төрағасы 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары