Белгілі айтыскер ақын өмірден өтті

Белгілі айтыскер ақын өмірден өтті

Белгілі айтыскер ақын өмірден өтті
ашық дереккөзі
50746
Белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев өмірден өтті. Бұл туралы журналист Ардақ Байғабыл әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Бүгін қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын сізді, аға-ау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды. Бәріміз Аллаһтанбыз және оған қайтушымыз. Аллаһ қаласа, қасиетті жұма күні, жұма намазынан кейін жаназасы оқылса керек. Айналайын Серік ағам, Аллаһ сізді жарылқасын! Біліп істеген, білмей істеген күнәларыңызды кешіріп, Жәннаттың төріне кіргізгей!..» деп жазды ол.   width= Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысына қарасты Амангелді ауылында туған. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.  Серік Қалиевтың «Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген.  

Серіктес жаңалықтары