Алмаз Шарман жаңа қызметке тағайындалды

Алмаз Шарман жаңа қызметке тағайындалды

Алмаз Шарман жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
50330
Алмаз Шарман ҚР Денсаулық сақтау министрінің профилактикалық медицина мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазды деп хабарлады turkystan.kz. Алмаз Шарман 1960 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысының Ұлытау ауылында дүниеге келген. С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Мәскеу қаласындағы иммунология институтында аспирантура және докторантура бітірген. Биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі. АҚШ-та Медициналық-демографиялық зерттеулер халықаралық бағдарламасының медициналық координаторы болып жұмыс істеді және Джонс Хопкинс университетінде сабақ берді. Орталық Азия бойынша халықаралық даму жөніндегі Америка агенттігінің (USAID) инфекциялық аурулар жөніндегі кеңесшісі, америкалық дипломат мәртебесі бар Қазақстан бойынша USAID өкілдігінің басшысы болды. Алмаз Шарман «Туберкулезден азат әлем» халықаралық сарапшылар комиссиясының мүшесі және беделді The Lancet медициналық журналында осы аттас мақаланың тең авторы. Қазақстанда доктор Шарман Ұлттық медициналық холдинг пен өмір туралы ғылымдар орталығын басқарды, денсаулық сақтаудың интеграцияланған академиялық жүйесін әзірлеумен айналысты. Қазіргі уақытта «Қазақстанның арофилактикалық медицина академиясы» ҚБ президенті болып табылады. Алмаз Шарман денсаулық туралы «Алмас кеңестері» телебағдарламасының жүргізушісі. Сондай-ақ ол денсаулық пен медицинаның әртүрлі тақырыптары бойынша интернет-ресурстар мен мобильдік қосымшаларды жасап шығарған. Оның 40 ғылыми мақаласы басып шығарылған, оның ішінде 4 монография бар.      

Серіктес жаңалықтары