Құлсарыда 4 жылдан бері салынып жатқан мектеп әлі пайдалануға берілмеген

Құлсарыда 4 жылдан бері салынып жатқан мектеп әлі пайдалануға берілмеген

Құлсарыда 4 жылдан бері салынып жатқан мектеп әлі пайдалануға берілмеген
ашық дереккөзі
50696
Құлсары қаласында аманаттықтар жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектепте партиялық бақылау бекетін ашты. 2019 жылы құрылыс жұмысы басталған бұл нысан былтыр желтоқсанында аяқталуы тиіс еді. Алайда ғимарат осы уақытқа дейін пайдалануға берілген жоқ. Мердігердің айтуынша, бұған қаржының уақтылы бөлінбеуі және жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары ұзаққа созылып кетуі себеп болып отыр. Сонымен қатар «Қазақтелеком» ақауы бар магистральдық жерасты кабелін партиялықтардың араласуынан кейін ғана ауыстырды. Бұл да құрылыс барысына кедергі келтірді. Бұған қоса, дене шынықтыру залын кеңейту мақсатында партиялықтардың ұсынысы бойынша ескі қазандық бұзылды.  width= «Қазіргі уақытта нысанның ішкі және сыртқы әрлеу жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, электр желісі монтаждалып, радиатор орнатылуда. Қазірдің өзінде сыртқы және ішкі су, кәріз құбырлары тартылып қойды. Ғимараттың қасбеті қапталды. 1 қыркүйекке дейін мектеп құрылысы аяқталып, балалар осында білім алады»,деді Жылыой аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ерқұл Дәулетбаев. Ал Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында партиялықтар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін тексерді. Нысан құрылысы партиялық бақылау бекетінің белсенді қатысуымен жүргізіліп, 2022 жылы желтоқсанда аяқталды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құрылысшыларға қатысты түрлі шағым болғанымен, оның бәрі аманаттықтардың тікелей араласуымен шешілді. Өз кезегінде, бұл дене шынықтыру-сауықтыру кешені ғимаратын кестеге сәйкес аяқтауға мүмкіндік берді.  width=  

Серіктес жаңалықтары