Прокурор жоғалып кеткен баланы қалай тапқанын айтты

Прокурор жоғалып кеткен баланы қалай тапқанын айтты

Прокурор жоғалып кеткен баланы қалай тапқанын айтты
ашық дереккөзі
50826
Астанада көмек сұрағандардың өтінішіне бейжай қарамаған прокуратура қызметкері жоғалып кеткен баланы тапты деп хабарлады turkystan.kz. Бас прокуратураның мәліметінше, сәуір айының басында Астана қаласында кәмелетке толмаған бала жоғалып кеткен. Ол үйінен кітап дүкеніне қарай шығып, қайтып оралмаған. «LIDER.KZ» волонтерлерінің баланы 2 тәуліктен артық іздеу туралы хабарламасына бейжай қарай алмаған Құқық қорғау органдары академиясының магистранты Жан Мұрат жолдасымен бірге көмекке шыққан. Елорданың Алматы және Байқоңыр аудандарының қоғамдық пайдалану орындарын (қоғамдық тамақтандыру, компьютерлік клубтар, мешіттер және т.б.), қараусыз қалған ғимараттарды, қоқыс жәшіктерін, арықтарды аралап, екі сағат бойы іздеуден кейін Мұрат қаланың сол жағалауына барып, іздеуді жалғастырған. Достық көшесімен түнгі сағат 04:40 шамасында жүріп, ол сипаттамаға сәйкес келетін балаға назар аударады. Барлық жағдайды нақтылағаннан кейін, ол жоғалған бала екені белгілі болды. Әрі қарай баланы полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Серіктес жаңалықтары