2018 жылы Ташкентте мұз сарайы ашылады

2018 жылы Ташкентте мұз сарайы ашылады

2018 жылы Ташкентте мұз сарайы ашылады
ашық дереккөзі
226
2018 жылы Өзбекстан астанасында көп функциялы мұз сарайы ашылады. Құрылыс алаңына 3 ақпанда республика президенті Шавкат Мирзияев барды.
Мемлекет басшысының ұсынысымен салынып жатқан мұз айдынының жобасында ұлттық сәулет өнерінің ерекшеліктері ескеріледі. Ғимарат озық технологиялармен жабдықталады. Ол өзбек аңыз-ертегілеріндегі бақыт пен еркіндік белгісі – Хумо құсы іспеттес салынады. Төрт қабатты сарайдың көлемі 74 мың шаршы метр болады. Онда жаттығу және негізгі жарыс айдыны орналасады. Зал 14 мың көрерменге шақталған және ұйымдастырылатын жарыс түріне орай орындықтарды жылжытуға болады. Ал жаттығу аренасында 300 орын болады. Үлкен мұз айдынында хоккей матчтары, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, керлинг жарыстары өткізіледі. Бұған қоса, мұнда баскетбол, волейбол, гандбол, шағын футбол, бокс, таэквондо және басқа да спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылады. Спорт кешенінде мұражай, жабық балалар алаңқайы, тренажер залдары, фитнес орталықтар, асхана, спорт бұйымдарының дүкені болады. Мұз сарайының жанында төрт қабатты көлік тұрағы бой көтереді.

Серіктес жаңалықтары