Ертең Универсиаданың жабылу салтанаты

Ертең Универсиаданың жабылу салтанаты

Ертең Универсиаданың жабылу салтанаты
ашық дереккөзі
258
Ертең сағат 18:50-де «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. Универсиада ойындарының жабылу салтанаты 1,5 сағатқа созылып,  «Алматы Арена» кешенінде  өтеді. Көрермендер қызықты оқиғаларға толы шоу- бағдарлама тамашалайтын болады. Сондай-ақ, аталмыш шараға Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады. Жабылу салтанатындағы қызықты сәттердің бірі – келесі Универсиада ойындарының эфстафетасын қабылдап алатын Красноярск қаласының «визиттік картасы» болмақ. Осы елеулі оқиғаға байланысты, шараға Красноярск қаласының басшылығы мен шығармашылық тобынан тұратын делегация қатысады. «Қазақстан» РТРК» АҚ – Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының ресми ақпараттық серіктесі. Телерадиокорпорацияның құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы Универсиаданың бас хабар таратушысы және Универсиада Алау эстафетасының ресми таратушысы. «Kazsport» телеарнасының Қысқы ойындардан хабар таратуы Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өткен Алау жағу салтанатынан басталған болатын.  Универсиаданың жабылу салтанатын «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына кіретін ақпараттық ресурстардың барлығы таратады. Оның ішінде республикалық арналар мен радиолардан бөлек 14 аймақтық филиал бар. Корпорация сайтының арнайы https://kaztrk.kz/kz/Universiade2017 айдарынан ақпарат беріліп отырады. Айта кетсек, Қазақстан құрамасы медальдар саны бойынша жалпы есепте екінші орынды сақтап қалды. Құрама қоржынында 11 алтын, 6 күміс, 11 қола жүлде бар. Универсиада чемпиондары: шаңғышы Иван Люфт, Алина Райкова, фристайлшылар Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова, шаңғышы Галина Вишневская, аралас командалық спринтте үздік шыққан Анна Шевченко мен Олжас Климин, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд. Жабылу салтанатының шарықтау шегі – FISU жалауын келесі форум астанасы  – Красноярск қаласына беру сәті болмақ. Көрініс жастар ұйымшылдығы мен Қазақстан халқы бірлігінің жарқын символына айналады.

Серіктес жаңалықтары