50334
Президент екі майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді
Президент екі майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық қаһарманы» атағын беріп, оларды айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапаттады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс Парадының қатысушысы Иван Степанович Гапичке«Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.