50435
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
9-11 мамыр күндері найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны аталған кезеңнің басында Қазақстанның оңтүстік, орталық аймақтарына ашық және жауын-шашынсыз күн райын әкеліп, өз әсерін сақтайды. Бұл ретте ауа температурасының жоғарылау процесі жалғасады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады», - деді синоптиктер.