Бокстан ӘЧ: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті

Бокстан ӘЧ: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті

Бокстан ӘЧ: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға өтті
ашық дереккөзі
50390
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті деп хабарлады turkystan.kz. 48 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жапонияның боксшысы Кадзума Аратакені жекпе-жекте нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Есеп төрешілердің шешімімен – 5:0 болды. Енді А рингінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен қолғап түйістіреді. Сондай-ақ Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.

Серіктес жаңалықтары