«Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов парамен ұсталды

«Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов парамен ұсталды

«Атамекеннің» бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов парамен ұсталды
ашық дереккөзі
50329
«Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Антикор мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі аталған мәліметті растады.
«Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз», - деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.
Еске сала кетейік, Абылай Мырзаметов 2016 жылы 16 маусымда «Атамекен» ұлттық Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы болып қайта сайланған еді. Өткен жылы 18 ақпанда Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағалығынан өз еркімен бас тартты.
«Өңірлерді аралап, қолдан келгенше өздеріңізбен бірге іс-әрекет еттік. Бүгінгі жиында пікірлер ашық айтылып жатыр. Ойларыңыз бен мәселелерді еркін көтеріп жатырсыздар. Бұл палатаның аяқтан тұрғанын білдіреді. Қазіргі елдегі жағдай баршаңызға мәлім. Соңғы 1 айдың ішінде өміріміз айтарлықтай өзгерді. Жаңа Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Ал кәсіпкерлер - жаңа Қазақстанды дамытудағы негізгі күш. Мемлекет басшысы да кәсіпкерлерге үлкен үміт артып отыр. Бүгінгі кезектен тыс съездің алдында басқарма төрағасы құзыретімді тапсыратынымды айтқым келіп отыр», - деген еді Абылай Мырзахметов қызметінен бас тарта отырып.

Серіктес жаңалықтары