50319
Доллар арзандады: 11 мамырға арналған валюта бағамы
Доллар арзандады: 11 мамырға арналған валюта бағамы
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441- 447 теңгеден саудаланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,6 - 5,75 теңгеден сатылуда.