Джалоловтан жеңілген Қоңқабаев айқасқа қатысты пікір білдірді

Джалоловтан жеңілген Қоңқабаев айқасқа қатысты пікір білдірді

Джалоловтан жеңілген Қоңқабаев айқасқа қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50575

Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионатының ширек финалындағы Баходир Джалоловпен айқасына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

92 келіден аса салмақта өткен жекпе-жек өзбек боксшының пайдасына шешілді - 5:0. Ал Қамшыбек айқас кезінде екі ескерту алды. 

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Біріншіден, қолдап келе жатқан жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Бапкерлеріме. Өздеріңіз көрдіңіздер, оңай жекпе-жек болған жоқ. Талай жерде жұдырықтасып келе жатқан бұрынғы қарсыласым. Ағайлардың қойған тактикасын орындауым кішкене ойдан шықпады, орындай алмадым десем де болады. Енді қателікпен жұмыс істейміз. Алда мықты болып оралып, қазақтың көк байрағын желбіретемін деген сенімдемін. Жеңісте де, жеңілісте де бірге болыңыздар! Алға Қазақстан!" - дейді боксшы. 

Серіктес жаңалықтары