Сырлы Сарыарқаға – 25 жыл

Сырлы Сарыарқаға – 25 жыл

Сырлы Сарыарқаға – 25 жыл
ашық дереккөзі
561
1998 жылы Астана қаласында 2 аудан құрылды. Соның бірі қала тари­хының бастауы саналатын Сарыарқа ауданы. Айтулы мерекеге орай Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филар­мо­ния­да «Ширек ғасырдағы сырлы Сарыарқа» деген атпен салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара Астана қаласы Мәслихатының төрағасы Ерлан Ка­налимовтың сөзімен басталды. Тарихи ауданның құрылғанына 25 жыл толуы­мен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді. – Бүгін біз үшін ерекше күн. Сарыарқа ауданының құрылғанына 25 жыл толуын атап өтудеміз. Елорданың тарихы Сарыарқадан бастау алды. Бұл біз үшін мақтаныш. Аудан өзіндік келбетін сақтай отырып, ескі мен жаңа­ны біріктіріп, танымастай өзгеріп, дамып келеді. Белсенді тұрғындары, білік­ті мамандары, керемет тарихы бар, ерекше ауданның әкімі болып қыз­мет ету мен үшін мақтаныш және үлкен жауапкершілік. Ауданның да­муы­на, өркендеуіне өз үлесін қосқан әрбір жанға алғыс білдіремін. Сүйікті Сарыар­қамыздың туған күні құтты болсын! – деді аудан әкімі Бауыржан Ера­лы өзінің құттықтау сөзінде. Мерекелік іс-шараға Сарыарқа ауданын қалыптастыруға, дамуына үлес қос­қан мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер, зиялы-қауым өкіл­дері, депутаттар және Сарыарқа ауданының белсенді тұрғындары қа­тыс­ты. Салтанатты іс-шара барысында Сарыарқа ауданының құрылуы тура­лы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар екі аптаға жалғасқан «Ме­нің сүйікті ауданым» фотобайқауының жеңімпаздары анықталып, баға­лы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасты. Концертке Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы мен қазақ эстрадасының жұлдыздары қатысты. Айта кетсек, Сарыарқа ауданының құрылуы Астана тарихының бастау алатын кезеңімен тұспа-тұс келді. Әлеуметтік, экономикалық, саяси әрі тарихи маңызы бар ауданның әу бастағы ауқымы 196,62 шаршы шақырымды қамтыған еді. Алайда 2018 жылы оның бірталай бөлігі жаңадан құрылған Байқоңыр ауданына берілді. Бүгінде Сарыарқа ауданы халқының саны 350 мың адамнан асады.

Серіктес жаңалықтары