Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па?

Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па?

Пәтері мен көлігі жоқ қазақстандықтардың балаларын тартып алатыны рас па?
ашық дереккөзі
50392
WhatsApp-та қазақстандықтар Ашық НҚА порталында орналастырылған жаңа бұйрыққа қарсы дауыс беруге шақыратын хабарламаны таратуда. Онда пәтерлері мен көліктері, жеке бизнесі жоқ ата-аналардың балаларын тартып алып, шетелге жіберу қарастырылған нормалар бар. Ал бұл нормалармен келіспегендерді психотроптық препараттармен мәжбүрлеп емдейді екен. Мұның бәрі жалған деп хабарлады turkystan.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.  width= Шын мәнінде, хабарламада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының жобасы туралы айтылып отыр. Ол баршаға қолжетімді және қоғамдық талқылауға шығарылды. Жоба мәтінінде қазақстандық отбасылардың бірнеше пәтері мен көлігі, сондай-ақ, олар кәсіпкер болуға тиіс екені туралы ештеңе жазылмаған. Сондай-ақ, балаларды отбасылардан тартып алу немесе мәжбүрлі түрде психиатриялық емдеу туралы айтылмайды. Оның орнына жобада қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейін жеті түрлі өлшеммен анықтау ұсынылады:
  • кірістер мен кредиттік міндеттемелер болуы;
  • жұмыспен қамту (отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтылуы);
  • тұрғын үй, жеке қосалқы шаруашылық, жер учаскесі болуы;
  • жылжымалы мүлік болуы;
  • әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету;
  • денсаулық сақтау саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету;
  • білім беру саласындағы қызметтермен қамтамасыз ету.
Әр санат бойынша балл жинауға немесе жоғалтуға болады. Мысалы, егер отбасының әрбір мүшесінің орташа айлық табысы үш немесе төрт ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болса (2023 жылы 46 000 теңге), яғни 138 мың теңге болса, онда отбасына 400 балл беріледі. Бірақ несие бойынша берешегінің болуы банктерге қанша отбасы мүшесі қарыз болғанына қарай 250-ден 500 балға дейін алынады. Бағалау нәтижелері бойынша қазақстандықтарды шартты түрде бес санатқа бөлуге болады:
  • қолайлы деңгей, 1 800 және одан жоғары балл;
  • қанағаттанарлық деңгей, 730-дан 1 799 балға дейін;
  • қанағаттанарлықсыз деңгей, минус 30-дан 729 балға дейін;
  • дағдарыс деңгейі, минус 460-тан минус 29 балға дейін;
  • мүшкіл деңгей, минус 459 балға дейін.
Бұл мұқтаж азаматтарға барынша сапалы және тиімді көмек көрсету үшін қажет. Әдістеме енгізілгеннен кейін азаматтар қажет мемлекеттік қолдауды проактив режимде, яғни нақты ведомстволарға жүгінбей-ақ ала алатыны көзделген. Бұл әдістеме Алкире-Фостердің көп өлшемді кедейлікті өлшеу әдісіне негізделген. Сондай-ақ отбасылардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде автомат түрде жүзеге асырылмақ. Демек, таралған ақпарат өтірік. Жаңа НҚА-да бірнеше пәтері мен көлігі жоқ отбасылардан балаларды тартып алып, шетелге күштеп жібереді, ал олардың ата-аналарын психотроп препараттармен емдеуге мәжбүрлейтіні туралы жазылмаған. Керісінше ұсынылған әдіс мұқтаж жандарға проактив режимде барынша тиімді көмек көрсету үшін қажет.

Серіктес жаңалықтары