Астанада аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы тиді

Астанада аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы тиді

Астанада аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы тиді
ашық дереккөзі
50222
Астана қаласында аялдамада автобус күтіп отырған қыздың басына көлік доңғалағы келіп тиген деп хабарлады turkystan.kz sputnik_aitady Telegram арнасына сілтеме жасап. Кадрдан аялдамада отырған 2 адамның біріне кенет көлік доңғалағының ұшып келіп тигенін көруге болады. Бастан соққы алған қыз жерге құлап түсті. Ал жанында отырған ер адам көмек іздей бастады. Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға 27 сәуірде Абылайхан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында болған. Жеңіл көліктің доңғалағы  ұшып кетіп, қыздың басына тиген.
«18 жастағы қыз медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті бойынша полицияға арыз түскен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары