Елордада «Мәңгілік ел» қақпасында көрме галереясы ашылады

Елордада «Мәңгілік ел» қақпасында көрме галереясы ашылады

Елордада «Мәңгілік ел» қақпасында көрме галереясы ашылады
ашық дереккөзі
1475
«Мәңгілік Ел» қақпасында шолу алаңы мен көрме галереясы ашылады. Панорамалық дүрбімен жабдықталған шолу аумағы монументтің үстінде 21,5 метр биіктікте жасалады. Шолу алаңы 2017 жылдың мамыр айынан бастап есігін айқара ашады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Ерекше қажеттіліктері бар экскурсанттар үшін монументтің ішінде лифт бар, бірақ келушілердің басым бөлігі шолу алаңына қаланың қалыптасуы мен тарихы туралы айтып беретін кәсіпқой гидтармен бірге баспалдақпен көтеріледі. Сонымен қатар, қалаға көрік беретін жаңа орын «Мәңгілік Ел» қақпасының тұжырымдамасын ашатын Қазақстан тарихы туралы жұмыстарды және тақырыптық роликтерді трансляциялау үшін мультимедиялық құралдармен жабдықталады. Шолу алаңына баратын жолда орналасқан көрме залының ауданы — 120 шаршы метр. Галерея шетелдік және қазақстандық суретшілердің, қолөнершілердің және сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің өнер туындыларының экспозициясы үшін қолданылмақ, сондай-ақ, мұнда фотокөрмелер өткізіледі. Естеріңізге сала кетсек, «Мәңгілік Ел» аркасы ҚР Президентінің бастамасымен 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ашылған болатын.

Серіктес жаңалықтары