2016 жылы еgov.kz арқылы 41 млн қызмет түрі жүзеге асырылды

2016 жылы еgov.kz арқылы 41 млн қызмет түрі жүзеге асырылды

2016 жылы еgov.kz арқылы 41 млн қызмет түрі жүзеге асырылды
ашық дереккөзі
174
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы   арқылы  761 электрондық қызмет  жүзеге асырылуда – бұл  еgov веб-порталының 240 электрондық қызметі, электрондық рұқсат етілім бойынша 86 қызметі түрі мен  435 электрондық шешімнің берілуі. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникация министрлігінің кеңейтілген отырысында айтты. «2016 жылы портал арқылы 41 млн қызмет түрі  жүзеге асырылды. Сонымен қатар, мобильдік қосымша арқылы да жұмыстар іске асырылуда. Қазіргі таңда аталмыш форматта  қызметтің 83 түрі бар. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы бірыңғай қолжетімділік нүктесі арқылы қызметтің  77 пайызын ұсынып отыр. 2016 жылы Мемлекеттік корпорация  36 млн қызмет түрін ұсынды», — деді Д.Абаев. Сонымен қатар министр өткен айда Бірікккен Араб Әмірлігінің Үкіметі еgov.kz мобильдік қосымшасын «Үздік мобильдік үкімет қызметі» сыйлығына ұсынғанын айтты. «Жоғарғы сапа және мемлекеттік  қызметтің қарапайымдылығы министрлік мақсатының  басым бағыты болып табылады», — деді Д.Абаев.  

Серіктес жаңалықтары