Абай облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Абай облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Абай облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды
ашық дереккөзі
50224

Абай облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына Жарқын Түсіпбекұлы Жұмаділов тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Саясаттану мамандығының бакалавр және магистрі.

2008-2013 жылдары - «Қазақ радиосы» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редактор-жүргізушісі, «Алаш айнасы» газетінің саяси шолушысы.

2014-2015 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ стратегиялық маркетинг департаментінің шеф редакторы;

2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы;

2015-2016 жылдары - «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының Ақпараттық мониторинг қызметінің жетекшісі;

2016-2019 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары;

2019-2020 жылдары - «Elorda Aqparat» ЖШС директоры;

2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Президентінің Әкімшілігінде инспектор лауазымын атқарды.

Серіктес жаңалықтары