50461
«AMANAT медиа сыйлығы – 2023»: республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
«AMANAT медиа сыйлығы – 2023»: республикалық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
2023 жылы 22 мамырда «AMANAT» партиясы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында республика деңгейінде өтетін дәстүрлі байқаудың басталғанын хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің әлеуетін арттыруға бағытталған ашық байқауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар, еңбек адамы, аймақтың өмірі мен тынысы, рухани және мәдени даму, жастардың қоғамдағы рөлі, Алаш қозғалысы, азаматтық борыш секілді негізгі тақырыптар қамтылады.
Медиа сыйлық БАҚ жанрлары бойынша емес, тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылған үздік жұмыстарға беріледі.
Сондай-ақ, «AMANAT медиа сыйлығы» байқауы аясында арнайы Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы, Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» аталымдары бойынша арнайы сыйлықтар қарастырылған.
Өтінімдер 22 мамырдан 19 маусымға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 26 маусым күні салтанатты түрде марапатталады. Биылғы байқаудың үздіктері «AMANAT» медиа сыйлығы мүсіншесімен және қаржылай сыйлықпен марапатталады.
Байқау жеңімпаздары екі бағыттағы он номинация бойынша анықталады.
Тақырыбы бойынша:
- 1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;
- «Еңбек адамы туралы үздік материал»;
- «Аймақ туралы ең үздік материал»;
- «Рухани-мәдени даму туралы үздік материал»;
- «Жастар туралы үздік материал»;
- «Алаш қозғалысы туралы үздік материал»;
- «Азаматтық борыш туралы үздік материал»;
- Мағжан Жұмабаев атындағы «Сөз зергері» сыйлығы.
- Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы.
- Белсенді азаматтық ұстанымы үшін.
Журналистер арасында «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Журналистер арасындағы «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» республикалық конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) «AMANAT» партиясының (бұдан әрі - партия) қызметі мен жаңғыруы туралы тұрғындарды ақпараттандыру, журналистердің шығармашылық әлеуетін көтеру және ынталандыру, сондай-ақ журналистік қоғамдастықты елдегі саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында және бағдарламалық құжаттарында көрсетілген өзекті міндеттерді жария етуге тарту мақсатында өткізіледі.
- Конкурстың міндеттері:
- Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықтарды беру Конкурстық комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.
- Комиссия құрамына партия Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партияның Орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, белгілі журналистер, жазушылар мен әдебиеттанушылар кіре алады.
- Конкурстық комиссия сыйлыққа үміткерлерді таңдау кезінде келесі өлшемдерді басшылыққа алады:
- Конкурстың өткізілуін үйлестіру.
- Ашықтық.
- Конкурс жеңімпаздарының келесі конкурсқа кем дегенде 3 жылдан кейін қатысуға құқығы бар.
- Конкурсқа қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-та жұмыс істейтін журналистер, сонымен қатар блогерлер мен штаттан тыс журналистер шақырылады.
- Конкурсқа қатысуға еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, партиялық бағдарламалық құжаттар мен жобалардың жүзеге асырылуы, жастар саясаты мен партия, оның филиалдары, барлық деңгейдегі мәслихаттары, бастауыш партия ұйымдары туралы материалдар қабылданады.
- Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдың ксерокөшірмесі түрінде (басылым атауы, күні мен автордың толық байланыс мәліметтері көрсетіліп) ұсынылуы тиіс.
- 12. Бір журналист 5 материалдан артық ұсына алмайды.
- Материал қабылдау 22.05.2023 басталады. Конкурсқа материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2023 жылғы 19 маусым, Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 дейін (алу күні).
- Конкурсты өткізу кезеңдері
- Конкурсты өткізудің негізгі кезеңі.
- Қорытындыларды шығару.
- "Еліміздегі реформалар туралы үздік материал"
- "Еңбек адамы туралы үздік материал "
- "Аймақ туралы ең үздік материал";
- "Рухани-мәдени даму туралы үздік материал";
- "Жастар туралы үздік материал";
- "Алаш қозғалысы туралы үздік материал "
- "Азаматтық борыш туралы үздік материал"
- Мағжан Жұмабаев атындағы "Сөз зергері" сыйлығы
- Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы "Телевизия үздігі" сыйлығы
- «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы
- Осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген әр номинация бойынша жеңімпаз жеке табыс салығын есепке алмағанда 1 (бір) миллион теңге мөлшерінде «AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ» сыйлығымен марапатталады.
- Конкурс материалдарын бағалау кезінде келесі критерийлер: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі, жаңалығы, талдау тереңдігі және мәселені ашу дәйектілігі, нақтылығы және логикалық негізділігі, стилі, баяндау тілі, техникалық сапасы, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, жарияланымда және аудиовизуалды жұмыста жазылған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы, журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі, сыртқы безендірілуі назарға алынады.
- Ұйымдастыру комитетінің:
- Ұйымдастыру комитетінің келесі міндеттері бар:
- Конкурстық комиссияның:
- Конкурстық комиссия:
- Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып табылады.
- Конкурстық комиссия отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен тиісті шешім қабылдайды.
- Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
- Конкурсқа қатысушылардың:
- Конкурс қатысушылары:
- Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін:
- Медиа-ресурстар
- Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты