Абай облысындағы өрт: бірнеше елді мекенге қауіп төнді

Абай облысындағы өрт: бірнеше елді мекенге қауіп төнді

Абай облысындағы өрт: бірнеше елді мекенге қауіп төнді
ашық дереккөзі
51027
Осы уақытта Абай облысындағы 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуы тоқтатылды, өрт сөндіру жекелеген ошақтарда жүргізіледі деп хабарлады turkystan.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, желдің күшеюіне байланысты Тұзды көл ауданындағы үшінші учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 техника, жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды. Өрттің таралуының алдын алу мақсатында маңайдағы жерлер жыртылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 1500 га құрайды. Березовка санаторийі (108 адам, 36 үй), Березовка подхозы (169 адам, 53 үй) елді мекендеріне қауіп төнді. Өрт орнына дейінгі қашықтық шамамен 5-7 км. Ол жерге 4 техника бағытталды. Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт поезы) және 2 тікұшақ, сондай - ақ 402 адам («Семей Орманы» МОТР-66 бірлік техникасы, 231 адам, ТЖМ 28 техникасы, 1 тікұшағы, 144 адам, ҚТЖ 1 өрт пойызы, 10 адам, ЖАО 5 бірлік техникасы, 7 адам, Қазавиаорманқорғаудың 1 тікұшағы, 6 адам экипажы, 1 УАЗ, 4 адам) жұмылдырылды. Сондай-ақ орман өртін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-873 және су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшақтары сөндіріп жатыр. Қазіргі уақытта 59 рет су ағызылды (157,5 тонна.). ТЖМ-де және Департаменттің дағдарыс орталығында, сондай-ақ жергілікті жерде жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр. «Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін болатын солтүстік-шығысқа бағытталған жел күтіледі.

Серіктес жаңалықтары