Шымкент тұрғыны рейсті шегергені үшін әуежай қызметкерін ұрған

Шымкент тұрғыны рейсті шегергені үшін әуежай қызметкерін ұрған

Шымкент тұрғыны рейсті шегергені үшін әуежай қызметкерін ұрған
ашық дереккөзі
50402
Шымкент қаласының тұрғыны рейсті кейінге шегергені үшін әуежай қызметкеріне дүрсе қоя беріп, қол жұмсаған деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Шымкент қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Air Astana әуекомпаниясының 22 жастағы өкілі Шымкент-Алматы бағытындағы әуерейсінің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы шағымданды.
«Арызданушының айтуынша, жолаушы әйел рейстің кешігуіне және ауысуына байланысты өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан. Мән-жайды анықтау барысында көлік полицейлері Шымкент қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жанжал кезінде супервайзердің оң қолының білегінің жұмсақ тіндерінің көгеруі түріндегі дене жарақатын келтірді», - дейді полициядағылар.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК -нің 73-1-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік істер шешім қабылдау үшін қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Айта кетсек, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 15 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға, ал ұсақ бұзақылық 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеліп соғады.

Серіктес жаңалықтары