50247
Мәжіліс Қазақстан мен Түркия арасындағы маңызды құжатты қабылдады
Мәжіліс Қазақстан мен Түркия арасындағы маңызды құжатты қабылдады
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған келесімге 2022 жылғы 10 мамырда қол қойылған.
«Келісім мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Құжаттың ережелеріне сәйкес екі елдің кеден органдары алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды. Сондай-ақ ақпарат алмасудың Техникалық шарттарын әзірлейді және пилот жобаны іске асыруға кіріседі. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін, кеден органдары мәліметтермен тұрақты негізде алмасуды бастайды», - деді Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.Жалпы, келісім мемлекеттер арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған.
«Аталған Келісімді ратификациялау еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», - деді Қаржы министрі.