50497
Халықтың Kaspi банктегі онлайн аударымдары тексеріле ме? – Министр жауабы
Халықтың Kaspi банктегі онлайн аударымдары тексеріле ме? – Министр жауабы
Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Kaspi банк клиенттерінің онлайн аударымдарына мониторинг енгізу бойынша қадамдарға пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Менің білуімше, екінші деңгейлі банктермен ақпарат алмасуға қатысты тиісті қадамдар жалғасып жатыр. Әзірге, нақты нәтиже жоқ. Бұл 2025 жылға дейін атқарылатын жүйелі жұмыс. Ешқандай тексерулер болмайды, адамдар мен бизнеске қысым жасалмайды. Мен осы жайында кепілдік бере аламын», - деді Жамаубаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.Сонымен қатар тілшілер министрден онлайн аударымдар жасайтын адамдардың тізімін жасау мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
«Мемлекеттік кірістер комитеті өз еркімен ешқандай талаптарды енгізбейді. Мәліметтерді басқа мемлекеттік органдардың базасынан аламыз. Біздің ведомство өз бетінше мұндай қадамдарды жасай алмайды. Егер біздің құрылымда осыған біреудің қатысы болса, мен ол адамды жұмыстан шығарамын», - деді Қаржы министрі.