50255
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: бүгін ауа райы қандай болады?
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 25 мамыр күні атмосфералық бөліктердің өтуімен елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деген болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.
Республиканың қалған аймақтарында солтүстік антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық күн райы күтіледі. Барлық өңірде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл сақталады.
Сондай-ақ Павлодар облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.