Қазақстан Қытайға мол көлемде бал тасымалдайды

Қазақстан Қытайға мол көлемде бал тасымалдайды

Қазақстан Қытайға мол көлемде бал тасымалдайды
ашық дереккөзі
181
Қазақстан тарапы Қытайға қомақты көлемде бал экспортын тұрақты түрде жүзеге асырмақ. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде өндірушілер Қытайға бірқатар өнімді экспорттау үшін өздерінің ұсыныстарын жасауда. Осы ретте етті ауқымды көлемде тасымалдау мәселесі назарда тұр. Сонымен қатар бал экспорты бойынша да өте көп ұсыныс жасалды. Атап айтқанда, қазақстандық бал Қытайда жоғары бағаланады. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр және мамыр айында аталған елге қазақстандық балды экспорттау бойынша келісімге қол қойылады деп күтілуде»,-деді Айтуғанов. Мұнымен қоса ол Қытайға бидай тасымалдау мәселесіне тоқталды. «Жыл сайын бізден жеткізілетін бидай көлемі артып келеді. Бүгінде ҚХР транзиттік дәлізімен бидайымыз Вьетнамға жеткізілуде. Ал ет экспорты тұрғысында аусыл мен қазақстандық кәсіпорындардың сертификаттауының болмауына қатысты Қытай тарапынан шектеу бар. Қытай экспорттаушыларға өзінің талаптарын қойып отыр»,-деді бірінші вице-министр. Оның сөзіне қарағанда, жақын арада аусыл індеті бойынша шектеу алынып тасталады деп күтілуде.  

Серіктес жаңалықтары