Абай облысында өрт 3 500 га аумаққа жайылды

Абай облысында өрт 3 500 га аумаққа жайылды

Абай облысында өрт 3 500 га аумаққа жайылды
ашық дереккөзі
50688

Абай облысындағы өрт 3 500 гектар аумаққа жайылды деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"Орман өртін сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінен - 5, Қорғаныс министрлігінен - 3, Экология және табиғи ресурстар министрлігінен - 2, барлығы 10 тікұшақ жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 52 рет 130 тонна су ағызылды. Жалпы, барлығы 298 рет 745 тонна су себілді", - дейді ведомстводағылар.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 800-ден астам адам, 200-ден астам техника, 1 ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Серіктес жаңалықтары