224
ҚР ІІМ мен МКД лауазымды тұлғалары ұсталды
ҚР ІІМ мен МКД лауазымды тұлғалары ұсталды
ҚР ІІМ және ШҚО МКД-нің лауазымды тұлғалары ұсталды, деп хабарлайды Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның баспасөз қызметі. Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.
«ҚР ІІМ-нің Ақтөбедегі батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының басшысы подполковник С. Абдулаев ҰҚК әскери бөлімінің қызметкерінен қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 2 млн теңге талап етіп жатқан жерінен әшкере болды. Талап етілген параның бір бөлігін, яғни 700 мың теңгені алу кезінде Абдулаев қылмыс үстінде қолға түсіп, Ақтөбе ІІБ-нің уақытша тергеу изоляторына жеткізілді», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ШҚО МКД Аягөз ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасының қызметкері Ж. Қожаева мекеменің басшысына 250 мың теңге пара беруге әрекет еткені үшін ұсталды. Заңсыз сыйақы Аягөздің орталық базарында алкоголь өнімдерін саудалауға рұқсат алу үшін берілмек болған. Қожаева қазір Аягөз аудандық ІІБ-нің уақытша тергеу изоляторына жеткізілді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.