Miras отырысында мәдениет орталықтарын салу мәселесі қаралды

Miras отырысында мәдениет орталықтарын салу мәселесі қаралды

Miras отырысында мәдениет орталықтарын салу мәселесі қаралды
ашық дереккөзі
50440
«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Miras аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында өңірде айтыс өнерін дамыту және «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасы аясында ауылдарда мәдениет нысандарды салу мәселелері қаралды. «Облысымысда айтыс өнерінің жолы ашылып, айтыскерлерге көңіл бөлінуде деп айта алмаймын. Айтыс – халқымыздың киелі сөз өнерінің бір түрі. Келешек ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізу – бізге жүктелген міндет. Осы тұста айтыскерлермен айтыс өнеріне мәдениет басқармасы назар аударса екен», - деді кеңес мүшесі, айтыскер ақын Серік Қуанған. Өткен жылы «AMANAT» партиясының қолдауымен дәстүрлі «Алтын домбыра» ақындар айтысынан бөлек, «Бабалар аманаты» айтысын өтті. «2023 жылы Глубокое ауданында өтетін айтыскер Серік Шөкеновті еске алуға арналған облыстық ақындар айтысын өткізу жоспарлануда»,- деді ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Самат Касенов. «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылы Глубокое ауданының Белоусовка ауылында мәдениет үйі салынады. «Қаламызда шағын аудандар санының артуына байланысты кітапханалар қажеттілігі туындап отыр. Мысалы қаладағы 19 шағын ауданында бірде-бір мәдени нысан жоқ. Балалар бос уақытын аулада ойнаумен өткізуге мәжбүр. Жастар кітап оқымайды деген қасаң ұстанымнан арылу қажет. Қайта сол балаларды кітап оқуға өзге де үйірмелерге таруға жұмыс істесек»,- деді Кеңес мүшесі Мерей Қайнарұлы.

Серіктес жаңалықтары