БЖЗҚ-дан ай сайын қосымша төлемдер беріле ме?

БЖЗҚ-дан ай сайын қосымша төлемдер беріле ме?

БЖЗҚ-дан ай сайын қосымша төлемдер беріле ме?
ашық дереккөзі
50233
Жаңалықтар тарататын шетелдік агрегатор сайттарының бірі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасай отырып, биыл алдағы айдың 1-інен бастап Қазақстанда халықтың белгілі бір (жеңілдікке ие) санатына қосымша ай сайынғы ақшалай төлемдер енгізілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлады turkystan.kz Қордың арнайы сайтына сілтеме жасап.
«Зейнет жасына толған адамдарға БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады. Сондай-ақ мерзімсіз уақытқа бірінші және/немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін БЖЗҚ-дан кесте бойынша төлемдер алу мүмкіндігі көзделген», - делінген хабарламада.
Аталған әдістеме БЖЗҚ-дан өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы мөлшерін жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайтуды көздейді деп толықтырды зейнетақы қоры. Қордағы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) Жеке кабинетте немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкімет (www.egov.kz) сайтынан бақылауға болады. Қор өкілдері қазақстандықтарды тек ресми дереккөздерден алынған, сенімді ақпаратқа ғана сену керектігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары