92 жастағы ғалым әдемі қартаюдың сырымен бөлісті

92 жастағы ғалым әдемі қартаюдың сырымен бөлісті

92 жастағы ғалым әдемі қартаюдың сырымен бөлісті
ашық дереккөзі
50571
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады. Онда ғалым әдемі қартаюдың сырын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Адам жасы келген сайын тiршiлiкте көрген-бiлгенi мен оқыған-тоқығанын, iлгенi мен бiлгенiн, жылдап жиған абырой-беделiн кезi келген уақытта жақсы бiр қасиетке, жақсы қартаюға бағыттағаны жөн. Яғни, ол әулеттiң, елдiң ақсақалы болуға дайындалуы керек. Жыл өтедi, жас ұлғаяды. Соншама уақыттың iшiнде жүрiп өткен iзiңдi жаңа буын, толқын-толқын болып жеткен жас ұрпақ басады. Күнi кеше өзiң қолынан жетелеген жас бала жiгiт болып, елге, халыққа пайдамды тигiзсем деп талап етедi. Сонда ол кiмнен үлгi алып, кiмнен ақыл сұрайды? Әрине, ағадан, ақсақалдан өнеге алады» деп жазды Т.Шарманов.
Жазбада ғалым аға буын жастардың құрметiне, талабына лайық әрі дайын болуы керек екенін жеткізді.
«Жасы үлкен адам қоғамның өзгергенiн мойындамай, күнi кеше өзi өмiр сүрген заманның деңгейiмен, өзi қызмет еткен қоғамның, сол кездегi саясаттың талабынан шыға алмай, кешегi жеткен жаманды-жақсылы беделi мен көрген-бiлгенiн көлденең тартып, «Менi бәрi сыйлайтын. Сондықтан сендер де жасымның үлкендiгiн, сақал-шашымның ағын құрметтеулерiң керек» деген сияқты орынсыз мiндетсуден аулақ, абай болған дұрыс. Үй-iшi мен бала-шаға, немерелерiне азар адам ауыл-аймақ, ел iшiне де қадiрсiз. Сақал-шашы ақылдың толғандығынан емес, мезгiлдiң өткенiнен, уақыттың табынан ағарған, қариялыққа жете алмай қартайған кiсiнi «қолы көтере алмаған шоқпарды белiне байлапты» десе де болар», - деді академик.
 

Серіктес жаңалықтары