Мемлекет басшысының реформалары бізді біріктірді – Ерлан Қошанов

Мемлекет басшысының реформалары бізді біріктірді – Ерлан Қошанов

Мемлекет басшысының реформалары бізді біріктірді – Ерлан Қошанов
ашық дереккөзі
50338
Бүгін ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі тарихи референдумның өткеніне тура бір жыл толды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы көпшілік дауыспен Президент бастаған Әділетті Қазақстанды құру туралы реформалар бағытын қолдады. Әрине, бір жылда түпкілікті нәтижелер шығару ерте. Нақты жұмыс істейтін әрі тұрақты демократиялық жүйе құру әрқашан уақытты қажет етеді. Бірақ, ең бастысы, азаматтардың еліміздегі қоғамдық-саяси өмірге араласу мүмкіндігін шын мәнінде кеңейтетін, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейтетін негіз қаланды. Референдумға, президенттік және парламенттік сайлауларға дайындық барысында барлық өңірді әріптестеріммен бірге бірнеше рет араладық», - деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, халықтық коалиция елдегі саяси партиялар мен ондаған беделді үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, белсенді жұмыс атқарды.
«Мыңдаған кездесу өтті. Біз шалғай ауылдарды, зауыттарды араладық, шахталарға түстік, базарларға бардық. Жастармен, мұнайшылармен, шаруалармен, кәсіпкерлермен әңгімелестік. Мемлекет басшысының реформалары бізді біріктірді және өзгерте алды деп сеніммен айта аламын. Бұған әр жиында, әр ауылда көз жеткіздік. Азаматтарымыз белсенді әрі ұйымшыл бола түсті. Олар өз пікірлерін ашық айтады. Мәселелерді көтеріп, шешімін талап етеді», - деді ол.
Ерлан Қошановтың пікірінше, қоғам елдің саяси өміріне араласа бастады.
«Халықтың болашаққа деген сенімі бар. Олар проблемаларды өздері шешкісі келеді және онымен белсенді жұмыс істеуге дайын. Бұл Президенттің бүгінге дейінгі реформаларының ең маңызды нәтижесінің бірі деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін жайт, Мемлекет басшысы жүргізіп отырған реформалар – нақты есептелген іс-қимыл жоспары. Ол жабық кабинеттерде жазылған жоқ. Бұл – қоғамның сұранысына берілген нақты жауап. Мемлекет басшысы мен халық арасындағы ауқымды әрі байыпты диалогтың нәтижесі. Естеріңізге сала кетейін, Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы шешімдерінің бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын енгізу. Оны барлық мемлекеттік орган басшылыққа алып отыр. Сонан соң Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, кейін Ұлттық құрылтай жұмысын бастады» деп жазды Мәжіліс төрағасы.

Серіктес жаңалықтары