50593
Саусақты жарақаттап алғанда неге бірден ауызға саламыз?
Саусақты жарақаттап алғанда неге бірден ауызға саламыз?
Адам саусағын кесіп немесе бір жерге қысып алғанда оны инстинктивті түрде аузына салады. Немесе жарақаттанған жерді үрлеуі мүмкін. Не үшін олай істейміз?
Ғылымда адамның жүйке жүйесі мәселелері дәл осы қарапайым ғана сұраққа жауап беру үшін ұзақ уақыт бойы зерттелді. ХVІІ ғасырда ғалымдар адамның бүкіл денесінде тіндердің деформациясы туралы сигналдарды миға жіберетін рецепторлар бар деп болжаған. Ми мұндай сигналдарды ауырсыну деп түсіндіреді. Нейрондар, жүйке жүйесінің жұмыс істеу қағидалары және жүйке импульстарының берілуі ашылғанға дейін біршама уақыт өтті.
Бұл жерде ғалымдарды қызықтыратын әрі адамның эмоционалды жағдайына қатты әсер ететін фактор - ауырсыну сезімі. Сондықтан ғылымда ауырсынуды беру әдістеріне көп көңіл бөлінген. 1965 жылы зерттеушілер Патрик Уолл мен Рональд Мелзак «gate control theory of pain» деп аталатын теория ұсынады. Онда «аксондардың бірнеше түрі бар (импульстер берілетін жүйке жасушаларының процестері), олардың кейбірі жүйке жасушалары арқылы ауырсыну сигналдары берілетін «қақпаны» ашуға, ал басқалары осы «қақпаларды» жабуға жауап береді» делінген. Шын мәнінде, адамның ауырсыну сезімдері осы нейриттердің тиімділігімен анықталады.
Тізесін қатты нәрсеге соғып алған адам не істейді? Әрине, оны бірден инстинктивті түрде уқалай бастайды. Бұл арқылы жарақат жазылып кетпейді. Десе де ауырсыну бастапқы кезеңге қарағанда жүйке жүйесіне жай әсер етеді және ауырсыну сәл де болса басылады. Он мыңдаған жылдар бойы біз мұны инстинктивті түрде істеп келдік. Алайда уақыт өткен сайын ғылымның дамуы адамға өз әрекеттерін тануға көмектесіп жатыр.