Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
50341

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қазақстандық оқушылардың Қырымға сапары туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, министрлік сәйкес бұйрықсыз балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отыр.

"Балалардың бәрі аман-есен оралды. Ата-аналарының қолына табысталды. Мұғалімге сәйкес жаза берілді", - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол лагерьге балалар ата-анасының бастамасымен барғандығын айтты.

"Министрліктің бұйрығынсыз және балаларды қорғау комитетінің рұқсатынсыз оқушыларды шетелге шығаруға тыйым салу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді Ғани Бейсембаев.

Серіктес жаңалықтары