Мектепті 15 млн теңгеге сатып алған тұрғын мәлімдеме жасады

Мектепті 15 млн теңгеге сатып алған тұрғын мәлімдеме жасады

Мектепті 15 млн теңгеге сатып алған тұрғын мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50566
Алматы облысы Шалқар ауылындағы 15 миллион теңгеге сатылған мектеп балабақшаға айналуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.  Мәлімет бойынша, бұл - Алматы облысына қарасты Шалқар ауылындағы жеке адамның қолына өтіп кеткен мектеп. Екі қабатты білім ордасын сатып алған кәсіпкер мұнда балабақша ашуды көздеп отыр. Жақында қолданысқа берілетін нысан кезекте тұрған 100 шақты баланы қабылдай алады.
"Біз 2020 жылдан бастап аудан әкіміне, прокуратураға және оқу бөліміне арыз жаздық. Ешқандай жауап жоқ. Мектебімізді қайтарсын. Бұл - Үкіметтің мекемесі. Оны сатуға ешқандай құқығы жоқ. Келген басшылар сата берсе, сонда не үшін жүрміз?" - дейді  Шалқар ауылының тұрғыны Гүлнәр Құбашева.
Тұрғындардың айтуынша, 3 ауысыммен 1 мыңға жуық бала болған мектеп 2018 жылы сатылып кеткен. Саудаға түспес бұрын шенділер білім ордасына күрделі жөндеу жүргізгені халық ашуын туғызған.
"Білім мекемелері ешуақытта жеке тұлғаға және заңды тұлғаға сатылмайды. Беріледі, сатылады. Тек егер ол білім саласында ары қарай дамып, жұмыс жасайтын жағдайда берілуге болады деген заңда көрсетілген", - деді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова.
Нысанның қазіргі иесі әкімдік тарапынан ұсыныс жасалғанын айтты. Қолда қаражаты бар кәсіпкерге жергілікті билік ауылдан балабақша ашып беруді өтінген. Нысан иесінің айуынша, сол кезде жауапты мамандар нысанды 15 миллион теңгеге бағалаған. Ал жөндеуден кейін оның құны 80 миллион теңге болған.
"Мен бұл жерден монша немесе мейрамхана ашқан жоқпын. Халықтың сұрауы бойынша балабақша дайындап жатырмын. Күтіп отырғаныма 5 жыл болды. Қайтаруға қарсы емеспін", - деді нысан иесі  Фархат Мәденов.

Серіктес жаңалықтары